Денис Тен «Өлкетану. Алматы» кітабына енді

0
320
Биылғы оқу жылынан бастап аталған сынып оқушылары өз өлкесі туралы арнайы оқулықтан оқитын болады. Мектеп бағдарламасына жаңадан «Өлкетану» пəні қосылды. Пəн Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында енгізіліп отыр.
Алматы жайлы жазылған «Өлкетану. Алматы» кітабында қайғылы жағдайда көз жұмған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жайлы ақпарат жазылған. Оны мектеп бағдарламасында 5,6 және 7 сынып оқушылары оқиды. Оқу құралында қаланың 1000 жылдық тарихы мен таяуда болған оқиғалар қамтылған. Кітапта қала орталығын қайта құрудың жоспарын әзірлеген сәулетші Ян Гале туралы да айтылады.

Жаңа оқу құралындағы материалдар Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география бойынша екі тілде жазылған. 3 жылдық оқу бағдарламасына арналған бір кітапта 20 оқу сағатының бағдарламасы қамтылып отыр.

“Алматыкітап” баспасы бірден жеті кітап шығарады: Жамбыл облысы, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Астана, Алматы қалалары туралы. Әрбір оқулық бойынша сол аймақтың мамандары жұмыс істеді» , – дейді баспаның бас редакторының орынбасары Альмира Сужикова.

Оқу бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жазылған.
Бағдарламаның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.
Оқушылардың ұжымдық жұмыстарына арналған қысқа мәтіндер түрлі түсті иллюстрациялармен, стандартты емес тапсырмаларымен берілген.
Өлкетану бойынша оқулықтар мен электрондық мультимедиялық оқу құралдарын шығару жоспарланып отыр. Жаңадан шығатын кітаптардың саны сатып алатын білім басқармаларының сұранысына байланысты.
Аяжан Махамбетқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз