Дін өкілдері бірлескен меморандумға қол қойды

0
76

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінің қорытындысында барлық жұмыс тобымен, Хатшылықтың мүшелерімен, дін көшбасшыларының кеңесі мақұлдаған құжатқа қол қойылды. 

Деклорацияға қол қою рәсімінен кейін Әлемдік діндер көшбасшыларының VI съезіне арналған пошта маркасы таныстырылды.

Онда съездің логотипі, Бейбітшілік және келісім сарайы, зәйтүн ағашының бұтақтары мен бейбітшіліктің символына айналған көгершіндер бейнеленген. Сондай-ақ пошта маркасында қазақ және ағылшын тілдерінде «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі» деген жазу бар. Марканың таралымы – 20 мың дана.

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің хатшылық жетекшісі Қасым Жомарт Тоқаев шараға қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдіріп, алқалы жиынды қорытындылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының жетекшісі: ҚР Парламен Сенатының төрағасы: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өз жұмысын аяқтауда. Барлық делегациялардың басшылары мен қонақтарына, халықаралық ұйымдардың жоғарғы өкілдеріне съез жұмысына белсенді қатысып, сындарлы үлес қосқаны үшін алғысымды білдіремін. Съездің жалпы және секциялық отырыстарында қауіпсіз әлемді нығайтуға және руханият, діни дәстүрлердің рөлін арттыруға бағытталған құнды бастамалар көтерілді. Осы сипаттағы қарым-қатынастар өз жалғасын табатынына және нығая түсетініне сенемін. Съездің түпкі мақсаты да осыны көздейді. Барлық конфессия өкілдерінің белсенділігі мен өзара іс-қимылдары қарқынын жоғалтпауы тиіс. Форум барысында ашық айтылған мазмұнды ой-пікірлер мен ұсыныстарды терең зерделеп, ой елегінен өткізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз