Елбасы мемлекеттік наградаларды табыстады

0
534

Бүгін елорда төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілетін дәстүрлі шара барысында бірқатар азаматтарға “Барыс”, “Парасат”, “Құрмет”, ІІ дәрежелі «Даңқ», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», «Айбын» ордендерін және «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгілерін табыстады.

Сонымен қоса  Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлерін, «Алқоңыр дүние», «Ана сыры», «Шуақты шақ» өлеңдер жинағының авторлары мен «Анаға апарар жол» көркем фильмінің ұжымын және «Абай операсының» қойылым тобын марапаттады.

Мемлекеттік сыйлығының иегері атанған “Анаға апарар жол”көркем фильмінің режиссері Ақан Сатаев бүгінгі шараны, Елбасының қолынан алған марапатын жоғары бағалайтынан атап өтті.

“Бүгінгі Мемлекет басшысының қолынан алған марапатымды, бүгінгі шараны мен үшін аса жоғары мәртебе деп білемін. “Анаға апарар жол” көркемфильмінің басты идеясы менің ата-анамның қысқаша ғана әңгімесінен шыққан болатын. Әке-шешем сол оқиғаның куәсі болған, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне бейімделген қарт ананың соғысқа кеткен ұлын күдерін үзбей күтуі, үмітінің, арманының аяқсыз қалмауы… Міне осы қысқаша ғана әңгіме “Анаға апарар жол” фильмінің тууына алып келді. Бүгінгі құрмет мен үшін өте қуанышты жағдай. Алғыс білдіремін.

Болашақта Қазақстанның тарихына арналған жаңа туындылар шығаратын боламыз. Нақты қандай фильмдер екенін әзірге құпия ұстаған жөн деп санаймын”

“Құрмет” орденімен Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан, “Қазақ ұлттық хореаграфия академиясы” КЕАҚ оқытушысы  Макарцева Людмила, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов марапатталса, ІІІ дірежелі “Еңбек даңқы” орденімен “Kazakkgmys Smelting” ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының қорытушысы Бекжанов Теміржан марапатталды.

“Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы актрисса Есләмова Самал Ілиясқызы мен “Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы” РММ аға оқытушысы Рудковский Янға бұйырды.

ІІ дәрежелі “Даңқ” ордені Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депортаментінің басшысы Ақшаев Асқар, Қорғаныс министрінің орынбасары Алтынбаев Мүсілім, Алматы қаласының прокуроры Жүйріктаев Берік және ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Қосанов Дәурен марапатталды.

II дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті Жол-патрульдік полициясы полкі қызметінің инспекторы Балтабаев Азамат марапатталды.

III дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Тетенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қызылорда қаласы Ne 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің белімше командирі Пазлиев Ермекбек марапатталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз