Ердоған күйеу баласын Түркияның Қаржы министрі етіп тағайындады

0
98

9 шілдеде бастап Түркияның президенті қызметіне ресми кіріскен Режеп Тайып Ердоған өзінің күйеу баласы Берат Албайракты елдің Қаржы министрі етіп тағайындады.

Министрлікте бұдан өзге де тағайындаулар орын алды: Бұрынғы премьер-министрдің кеңесшісі Фуат Октай Түркияның бірінші вице-президенті қызметіне, Түркияның бас штабының экс төрағасы Хулуси Акар елдің Қорғаныс министрі болып тағайындалды.


Түркияның конституциясында бекітілген өзгерістерге сәйкес, Республикада премьер-министр лауазымы жойылып, мемлекетті бұдан кейін тек президент басқаратын болады.

Түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша Түркияның жаңа үкіметінің құрамына тек 16 министр кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз