ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында қазақ мектептерінде оқушыларға арналған орындардың тапшылығы мәселесін шешу туралы айтты. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«2018 жылға арналған бюджет жобасында мектептер құрылысына шамамен 40 млрд теңге қарастырылған, бірақ бюджеттік өтінім 66 млрд. теңгені құрады. Мұнда өтінім толық қанағаттандырылмады. Сонымен қатар мектепке деген қажеттілік әлдеқайда аз елді мекендермен салыстырғанда (Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Астана) Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында жаңа мектептер салынатын болады», – деп Мәжіліс депутаты Уәлихан Қайназаров Министрге жүгінді.
Сағадиев Үкімет бұл мәселені шешудің бірнеше нұсқасын қарастырып жатқанын атап өтті.
«Біріншісі – ұлттық білім беру дерекқорынан шығатын оқушыларға арналған орындардың тапшылығы. Бұл база жұмыс істейді, сондықтан біз қанша және қай аймақтарда оқушыларға арналған орындардың тапшылығын анықтай аламыз. Екіншіден, апатты мектептерді жою бағдарламасы бізде бар, бұл да ескеріледі. Үшінші фактор – үш ауысымды мектептерді жою. Төртіншіден – мектеп құрылысына қатысты аймақтар тапсыратын құжаттар», – деп атап өтті министр.
«Оқушыларға арналған орындар тапшылығы сақталады, болашақта да сақталады деп ойлаймыз. Өйткені біз үлкен қалаларда халық санының өсуі сияқты фактормен бетпе-бет келдік. Міндеттердің бірі жекеменшік секторды мектеп құрылысына тарту болып табылады», – деп мәлімдеді Е. Сағадиев.
Сағадиевтің айтуынша, осы бағытта жұмыс тәжірибесі балабақшалардағы орын санын көбейту тәжірибесінен алынады.
Сабина Сайлаубай