ЭКСПО-2017 туристік аймағын екі күнде он сегіз мың адам тамашалады

0
49
ашық дереккөзден

«Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағын алғашқы екі күн ішінде 18 мың адам тамашалады, деп хабарлайды Қазақпарат.

11 қарашада ашылу рәсімі болған «ЭКСПО-2017» туристік аймағын ашылу рәсімінде 7 мыңнан аса адам аралаған болса, 12 қарашада 11 мыңға жуық тұрғын тамашалаған.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі болашақ энергиясының ұлттық мұражайы болып табылатын «Нұр әлем» павилоны 11 қарашада ресми түрде ашылу салтанаты болып өтті. Мұражайдың ашылу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  қатысқан болатын.

11-12 қараша туристік аймаққа келушілер үшін тегін болды. Туристік аймаққа кіру құны ересектерге 1500 тг, оқушылар және зейнеткерлер үшін 500 тг, ал студенттер үшін 800 тг.

Бтлеттер 14 қарашадан бастап ресми түрде сатылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз