Киевте Тарас Шевченконың Қазақстандағы өмірі жайлы жоба ұсынылды

0
135

Қазақстанның Киевтегі Елшілігі және Батыс Украйнадағы Қазақстанның Құрметті консулдығы  Тарас Шевченконың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Қазақстан даласындағы Кобзар» жобасын ұсынды.

Елшіліктің ұйымдастыруымен өткізілген жоба Киев халықаралық қатынастар институтында өткізілді.

Аталған жоба аясында танымал украйндық кинорежиссер Евгений Козак «Канев-2017» халықаралық кинофестивалінде гран-приге ие болған кітап пен деректі фильмдер жариялады.

Киев ұлттық университетінің ректоры Леонид Губерский Тарас Григорьевичтің екі халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың негізгі тамырына айналғанын және оның көп қырлы шығармашылығы ортақ мәдени құндылыққа айналғанын атап өтті.

Тарас Шевченконың Қазақстандағы өміріне арналған бірлескен жоба қатысушылары тарапынан жоғары бағаланып, келешекте оның мұрасын одан ары зерттеп зерделеуге жол ашты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз