Назарбаев Путинмен телефон арқылы тілдесті

0
81
ашық дереккөзден алынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

В. В. Путин Қазақстан президентін қыркүйектің 14-15 жұлдызында  Сирия мәселесіне қатысты Астанада өткен халықаралық кездесудің сәтті өтуімен құттықтай отырып, екі ел ынтымақтастығы тақырыбында әңгіме өрбітті.

Астанада өткен кездесудің маңызы зор екенін тілге тиек етіп, Елбасына Сириядағы жағдайды шешуде қандай іс-шара қолданып жатқанынан хабардар етті.

Басшылар  екі ел арасындағы  барлық  байланыстарды одан ары  нығайта түсуге уағдаласып,  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД елдері басшыларының кеңесіне дайындық барысын пысықтап, алдағы кездесулерін нақтылап алды.

Телефон арқылы тілдесуге Ресей тарабы бастамашы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз