Назарбаев Жоғарғы Сот судьясының лауазымына екі кандидат ұсынды

0
132

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары лауазымына Гүлмира Жүсіпбекова мен Асқаржан Кенжегаринді сайлау туралы мәселе талқыланды. Казинформ

ҚР Президентінің ұсынған кандидатураларын Жоғарғы Сот мүшесі Адиль Кырыкбаев таныстыра отырып «Назарларыңызға ҚР Президенті ұсынған кандидат Жүсіпбекова Гүлмира. Бұл салада 20 жылдан астам еңбек өтілімі бар Жүсіпбекова Гүлмира қазіргі таңда Астана сотында қызмет атқарады. Кенжегарин Асқаржан Қапезұлы Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, еңбек өтілімі 25 жыл. Екі кандадат та мол тәжірибиеге ие, өздерін адвокат ретінде де тәжірибиелі судья ретінде көрсете білді. Жалпы алғанда олар ҚР  Жоғарғы сотының судьялары ретінде қызмет атқара алатындарына оң нәтижелер қалдырды», деген пікір білдірді.

Талқылаудан кейін, Комитет Сенаттың жалпы отырысына ҚР Жоғарғы Сотының судьялары лауазымына ұсынылған кандидаттарды сайлау туралы мәселені енгізу туралы шешім қабылдады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз