Елорда тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін 6-қабаттан секіріп кетті. Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Оқиға кеше кешке Е-30 көшесі бойында тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Тексеру барысында анықталғандай, 31 жастағы қала тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін тұрғын үйдің 6 қабатынан секіріп, қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде».