Пхеньян мен Мәскеу арасында әскери серіктестік

0
120

РФ Қорғаныс министрлігінің делегациясы Пхеньянда Ресей-Солтүстік Корея бірлескен әскери комиссиясының алғашқы отырысына қатысады. Әскерлер қауіпті әскери іс-қимылдың алдын алу туралы үкіметаралық келісімнің орындалу барысын талқылайтын болады, деп хабарлайды РИА Новости бейсенбіде Солтүстік Кореядағы Ресей елшілігіне сілтеме жасап.

Келісімге 2015 жылғы 12 қарашада Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының бірінші орынбасары генерал-полковник Николай Богдановский және Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы Бас штабы бастығының орынбасары Гум Чол қол қойған болатын.

«Бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, Пхеньянда қауіпті әскери әрекеттердің алдын алу туралы үкіметаралық келісімнің орындалу барысын қарау бойынша бірлескен әскери комиссияның бірінші отырысы өтіп жатыр», – делінген хабарламада.

Келіссөздер 16-желтоқсанға дейін конструктивті, іскерлік ортада өтеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз