Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров бастаған ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы Үндістан Республикасының астанасы Нью-Дели қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Сапар барысында Үндістан Қорғаныс министрі Нирмала Ситараман, Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы Бипин Рават және Қорғаныс істері жөніндегі Мемлекеттік хатшы Санжай Митрамен кездесулер өткізілді.
Сонымен қоса, тараптар қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қорғаныс министрлігі мен Үндістан Қарулы Күштерінің басшылығымен кездесулер оң және сенімді түрде өтті.
Сапардың қорытындысы бойынша үнділік тарап Қазақстанмен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді.
Жадыра Аманбайқызы