Сaғынтаев Қырғызстан делегациясымен жасалған келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

0
68

Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастап келген Қырғызстанның ресми делегациясымен келіссөздер аяқталды. Шамамен 30 адамнан тұратын өкілді команда, экономикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша толық әңгімелесуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында.

Қырғыз ұлты тарапы бастама көрсетіп келген делегаттармен келіссөзде екіжақты экономикалық қатынастардың проблемалық мәселелерін талқыладық. Делегаттар біздің елдеріміздің шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау саласындағы өзара әрекеттесуіне қатысты.

Келіссөздер барысында ЕурАзЭҚ-тың тиісті нормалары мен ережелерін ескере отырып, кедендік және салықтық әкімшілендіруге қатысты проблемалық мәселелер де қарастырылады.

Қырғыз делегаттары Қазақстан тарапынан қойылған талаптармен келісе отырып, Премьер-Министр Сапар Исаков Қырғызстанның өз міндеттемелерін орындауымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінің экономикалық мүдделерін сақтауға кепілдік берді.

Сонымен қоса келіссөздер нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның бірінші вице-министрлерінің төрағалығымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы бес күн ішінде бірлескен Жол картасын әзірлейтін болады. Жол картасын қабылдағаннан кейін тараптар қол жеткізілген уағдаластықтардың толық орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Сондай-ақ, біз осы жылғы 19 қазан күні сағат 00:00-ден бастап екі елдің мемлекеттік шекарасын, әсіресе, Қордай бекетінде, кесіп өтудің басым тәртібін қамтамасыз ететін болып келістік.

Келісім бойынша жеке қол жүктері бар адамдар, тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары мен автокөліктер және бос жүк көліктері үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басым тәртібі қабылданатын болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз