Шетелдік тасымалдаушыларға бақылау күшейтілді

0
56
ашық дереккөзден алынды

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 17 қазанда өткен брифинг барысында ел аумағында шетелдік тасымалдаушыларға бақылау күшейтілгенін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, «отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау» мақсатын көздейтін аталған шаралар аясында аптаның ішінде 2700-ден астам көлік тексеріліп, 193 заң бұзушылық анықталған.

Министр Қасымбек аталған заң бұзушылықтардың негізгі үлесі қырғыз тасымалдаушыларына тиесілі – 60% (117), ресейлік тасымалдаушыларда – 20% (38), ал қалған 20% (38) басқа елдерден, соның ішінде Түркиядан, Тәжікстаннан және Түрікменстаннан келген тасымалдаушыларға тиесілі екенін атап өтті.

Шекаралық өңірлерді, соның ішінде Жамбыл облысындағы тексерулерге байланысты, қосымша жылжымалы көлік бақылау бекеттері жіберілді. Жергілікті полиция қызметімен (ЖПҚ) бірге Экономикалық тергеу қызметі (ЭТҚ) және Мемлекеттік кіріс қызметі (МКҚ) тәулік бойғы қозғалысты бақылауды қамтамасыз етеді.

Жыл басынан бері министрліктің мәліметінше, 58 мыңнан астам шетелдік автокөліктер тексеріліп, 2538 заң бұзушылық анықталған, оның негізгі үлесі (933 заң бұзушылық), қазақстандық биліктің деректері бойынша, қырғыз тасымалдаушыларына тиесілі.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз