Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Рашид Алимов Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыстық Институтының Ғылыми Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде, келер жылы ЮНЕСКО-мен бірге Ұйым аумағында орналасқан Бүкіләлемдік мұра обектілерін қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ca news.
Рашид Алимов «Әлемдік мәдени мұра объектілерінің жалпы санының 15%-ы ШЫҰ кеңістігінде орналасқан. Қазір біз меморандум дайындау үстіндеміз. Келесі жылы біз ШЫҰ тарихында тұңғыш рет білім беру, мәдениет және ғылым саласындағы осы маңызды ұйыммен өзара іс-қимылымыздың векторын анықтайтын бұл құжатқа қол қоямыз деп үміттенемін », – деді.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізімі 1978 жылдан бері құрастырылған. Бүгінгі күні ол 1073 объектіден тұрады, оның ішінде 832 мәдени ескерткіштер, 206 табиғи нысандар және 167 елдің 35 аралас объектілері бар.
Жадыра Аманбайқызы