Ташкентте ТМД елдерінің электрэнергетикалық кеңес отырысы өтеді

0
98

4 қараша Ташкентте тәуелсіз мемлекет достастығы (ТДМ) елдерінің 51-электрэнергетикалық кеңес отырысы өтеді, деп хабарлайды Сa-news.

ТМД- ға мүше елдердің министрліктері және энергетикалық компаниялардың басшылары 2017-2018 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңге электр энергетикалық жүйелерді дайындауды, электр энергетикасын реттеудің нормативтік-техникалық базасын жаңғырту және үйлестіру, қоршаған ортаны қорғау және көпжақты күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерді талқылайтын болады.

Еске сала кетейік, электр энергетикалық кеңесіне Келісімге қатысушы мемлекеттердің электр станцияларының басшылары мен ұлттық энергетикалық компаниялардың басшылары кіреді. Келісімде бар әрбір қатысушы (Электр энергетикалық кеңесінің мүшесі) Электр энергетикалық кеңесінде бір дауысқа ие.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз