ҚР Парламенті Сенатында «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мамандардың мәртебесін көтеруге қатысты пікір білдірді.
Білім беру қызметкерлерінің еңбек ақы деңгейі ең төменгі сатыда (орташа республикалық деңгейдің 66% -ы) тұрғанын тілге тиек еткен Сенат Төрағасы Үкіметке экономикалық жағдайларды ескере отырып, мұғалімдердің табысын арттыру мәселесін қарастыруды ұсынды.
«Жоғары кәсіби және ынталы мұғалім – орта білім беру жүйесі жетістігінің кепілі. Біз мұғалімдерді мемлекеттік марапаттармен және жүлделермен белсенді және кеңінен ынталандыруымыз керек әрі БАҚ-та олардың еңбектерін насихаттауымыз керек», – деді Қ. Тоқаев.
Сенат Төрағасы сондай-ақ техникалық және орта кәсіптік білім беделін көтеруді маңызды деп есептейді, оны мектеп бітірушілердің тек 11 пайызы ғана таңдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, түлектердің 90 пайызы жоғары оқу орындарында білімін жалғастырады. Алайда, студенттердің үштен бір бөлігі мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары білім алады, қалғаны ақылы негізде оқитынын да атады.
Мүмкін Қ.Тоқаевтың айтуынша, қол жеткізілген нəтижелерді қайта бағалау үшін білім берудегі үздіксіз реформалар үдерісін уақытша тоқтату керек. «Білім беру жүйесінде ойластырылмаған тәжірибелерді жүргізуге болмайды», – деді Сенат Төрағасы.
Бұдан өзге тыңдау барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндама жасады, ол депутаттарға 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті.
Тыңдаушылардың алдында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Бюросының директоры және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы өкілі Криста Пиккат, «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия аймағы жөніндегі әлеуметтік секторының аға үйлестірушісі Сусанна Айрапетян, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Шашубай ауылындағы «Мектеп-бала бақшасы» кешенінің директоры Айман Түкбай, Астана қаласы Ата-аналар қоғамдастығы қалалық кеңесінің төрағасы Гүлнар Омарова, «Білім берудің жеке ұйымдарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Роза Садықова, Кембридж университеті Білім беру факультеті инновация департаментінің директоры Коллин МакЛафлин, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Боран ауылы Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның мұғалімі Майгүл Нұрғалиева, Петропавл қаласы «БЭСТ» гимназиясының мұғалімі Надежда Заиченко сөз сөйледі.
Орташа білім беруді заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша сенаторлар Серік Бектұрғанов, Ерболат Мұқаев, Сергей Плотников, Сергей Ершов, Нұрлан Қылышбаев, Сәрсенбай Еңсегенов, Нариман Төреғалиев, Мұрат Бақтиярұлы, Дулат Құсдәулетов, Дархан Кәлетаев, Динар Нөкетаеваның қатысуымен қызықты пікірлер өрістеді.
Қорытындыда Сенаттың Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова талқылаудың өнімді өзектілігі мен өнімділігін атап өтті.
Іс-шарада мектеп формасы, робототехника, кітап басылымдары өнімдері, инновациялық технологиялар үлгілері көрсетілген тақырыптық көрме ұсынылды. Сондай-ақ тыңдаушыларға мектеп білім беру саласындағы үздік бастаушы жобалар туралы бейнефильм көрсетілді.
Сайлаубай Сабина