Қырғызстан мемлекетінде қазанның он бесінде өткен сайлау билікті бейбіт жолмен берген алғашқы сайлау болды. Сайлауға жалпы саны 11 үміткер қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, дауыс берушілердің 50 пайыздан астамы 20-30 жастағы сайлауға жоғары дәрежеде белсенділік танытқан азаматтар.
Бақылаушылардың айтуынша Қырғызстан азаматтары дауыс беруге өз еркілерімен сайлау учаскелеріне барған. Түске дейін еріктілердің төрттен бір бөлігі дауыс берген болса, сайлаушылардың 40% кешкі сағат беске дейін дауыс беріп үлгерген. Жалпы алғанда сайлауға үш миллион адам қатысу қажет болатын. Дегенмен бүгінгі таңдағы ең маңызды шараға елдің 1млн 200 мыңнан астам азаматтары қатысқан.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 – барлық сайлау учаскелері жабылды.Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше қазіргі уақытта Социал демократиялық партия өкілі Сооронбай Жээнбеков 47% дауыс жинап көш бастап келеді. Екінші орынды оппозиция өкілі Омурбек Бабанов алып отыр.
Сарапшылардың айтуынша қазіргі таңда үш кандидаттың жеңіп шығуға мүмкіндігі мол. Сайлау кезінде техникалық заңбұзушылықтар тіркелген.
Жадыра Аманбайқызы