Бүгін «Rixsos» қонақ үйінде «Қазақстан Республикасындағы заңгерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараны Әділет министрлігі мен Жоғарғы Сот «Kazakhstan Bar Association» Қазақстандағы коммерциялық заңгерлер алқасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция барысында Әлілет министрлігі әзірлеген «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы», «Адвокаттық көмек және заңгерлік көмек мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобаларын талқыға салынды.
Сонымен қатар, шешімін табуды талап ететін мәселелер қарастырылды. Мысалы, маманданған адвокаттардың аздығы, заңгерлік қызметтер мен көмек саласы әлі де болса ашық емес, бұл салада жоғары төлемақы төленетініне қарамастан, жұмыстың сапасына берілетін заңнамалық кепілдік жоқ, өңірлердегі адвокаттарды кәсіби даярлауда бәсеңдік басым.
Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми өз мәлімдемесінде былай деді: «Тәуелсіздік алған жалдардан бері еліміздің құқық саласында ауқымды реформалар жүргізілді. Соттар жұмысы түбегейлі жақсарды. Сот төрелігі халық үшін жедел әрі қолжетімді бола түсті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес адвокаттардың құқықтарың кеңейтуді көздейтін қылмыстық процестік заңнаманы жаңғырту жұмыстары басталды. Мұның барлығы халықаралық стандарттарға сәйкес заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша құқықтық мемлекеттің жұмысын жақсартуға бағытталған.»
Сондай-ақ Қайрат Мәми адвокаттар ме заңгерлердің тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін құқықтық кеңістікте азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажет екенін алға тартты.
Сөз соңында төраға заң талаптарына қатысты туындаған түсініспеушіліктердің шешімін табуға көмектесетіндігіне сенім білдірді.
Заңгерлік кәсіпті реттеудің мәселелерін талқылауға Президент Әкімшілігі басшылығының орынбасары Талғат Донақов, Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар, құқық қорғау институттарының өкілдері мен шет елдік сарапшылар және құқықтанушы ғалымдар қатысты.
Жадыра Аманбайқызы