Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.
“Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады”, – делінген Ақорда хабарламасында.