12 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
“Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.