“6 айда 1,8 миллион сот іс қаралды”

0
82

Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Кездесуде Жақып Асанов  сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді.

– Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды, – деді ол.

Жоғарғы сот төрағасы экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30 пайызға төмендегенін де мәлімдеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз