65 жастан асқан депутаттарға Мәжіліске келмеуге рұқсат етілді

0
124
Мәжілістің жалпы отырысы.

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы коронавирусқа байланысты жұмыс форматын өзгертті. 

Tengrinews сайтының хабарлауынша, 26 наурыз күнгі мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин отырысқа кей депутаттар келмегенін, “ДДСҰ кеңесін ескеріп, 65-тен асқан депутаттарға жұмысқа келмеуге кеңес бергенін” айтқан.

Нығматуллиннің сөзінше, пленарлық отырысқа тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысады.

Сайттың жазуынша, мәжіліс отырысына депутаттардың барлығы маскамен келіп, бір-бірінен алшақ отырған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз