Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды. Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды. Бұл туралы kazaknews.kz хабарлады.
Еске салайық, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев 25 ақпан күні Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі болып тағайындалған болатын. Ол Ақтөбе облысының әкімі қызметіне 2015 жылдың қыркүйегінде кіріскен еді.
Оңдасын Оразалин 1963 жылы туған. 1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары қызметінде болған. 2017 жылғы 22 наурызынан ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.