Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті болып қайта сайланғаннан кейін алғашқы ресми сапарын Түркияға жасады.
Түркия мен Ресей басшылары арадағы келіспеушіліктерді жойып, басты назарды халықаралық мәселелерге, атап айтқанда Сирия дағдарысына аударды. 4 сәуір Иран президенті Хасан Рухани Сирия мәселесі бойынша ымыраға келу үшін басқасуға қатысатын болады.
Анкарада өткен Түркия-Ресей саммитінде тараптар Сирия дағдарысынан бөлек екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы жөнінде әңгіме өрбітті.
Екіжақты қарым-қатынастардың маңызды басымдықтарының бірі ретінде Путин Ресейдің зениттік-зымыран жүйесі С-400-дің Түркияға жеткізу туралы келісімнің орындалуын маңызды атап өтті.