АҚШ Ресейге жаңа дипломаттар жіберуді ұсынды

0
83
дереккөзден

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Ресейге ел аумағынан шығарылған дипломаттардың орнына жаңа мәмілегер жіберуді ұсынды. Бұл туралы gazeta.ru хабарлайды. 

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті: «Бұған ұқсас жағдайлар бұрын да болған, Ресей үкіметі дипломатиялық миссияда бос орындарға жаңа дипломаттарды аккредитациялау туралы өтініш білдіруіне болады», – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ Сыртқы істер министрлігінің өкілі аккредиттеу туралы өтінішті бөлек қарастыратындығын ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Ресей дипломаттары Мәскеуге оралған болатын. АҚШ Сиэтлда Ресей консулдығын жауып, сонымен қоса БҰҰ-дағы тұрақты өкілді де, жалпы олардың отбасымен қоса алғанда 171 адамды еліне қайтарып, Ресейге қарсы ең ірі көлемдегі шара қолданған еді.

Ресей Федерациясы АҚШ-қа жауап ретінде, Вашингтондық 60 дипломатты елден шығарған. Өткен сенбіде консулдық ғимаратындағы ту төмен түсіріліп, Санкт-Петербург қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығы жабылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз