7 қараша күні Нұр-Сұлтанда “Астана клубы 2019” жиынының алдындағы баспасөз брифингі өтті.
Осы жылғы “Астана клубы 2019” отырысының басты тақырыбы – “Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында”.
АСТАНА КЛУБЫНЫҢ МИССИЯСЫ ҚАНДАЙ?
2019 жылы Астана клубының отырысы 5-ші рет өткелі жатыр. Осы уақытқа дейінгі жиындарда да жаһандық мәселелер талқыланды. Kazaknews тілшісі бирифинге келген сарапшыларға сұрақ қойған болатын. Жауап төмендегідей болды.
“Іс-шаралардың жүзеге асуы ауқымды шара. Бұл жиында көтерілетін тақырыптың барлығы жаһандық маңызға ие. Ядролық қаруды шектеу, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-саттық соғысы бар және тағысын тағы. Тәуекелдің де көлемі үлкен. Бір ғана “Астана клубының” жиынымен барлық мәселені нақты шешу мүмкін емес. Дегенмен осы тақырыптар аясында әлемде әріптестікті сақтау маңызды. Өйткені, жаһандық мәселелерді ешқандай ел жеке өзі шеше алмайды. Ғаламдық мәселелерді әлем елдері бірігіп шешуі қажет. Бұл үшін сұхбаттасатын алаңға қажеттілік туады. “Astana Club” осы алаңның функциясын атқарады”, – деді ӘЭСИ сарапшысы.
Айта кетейік “Астана клубының” кезекті отырысы Қазақстан астанасында 11 қарашада басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынға халықаралық деңгейдегі жоғары 30 сарапшы қатысады.