Сирия дағдарысына байланысты Астана процесінің 10 раунды мамыр айының ортасында өтеді. Бұл туралы Астана прцесіне кепіл елдердің (Ресей-Иран-Түркия) Сыртқы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде айтылды.
Бүгін Мәскеуде Сирия мәселесі бойынша Ресей, Түркия және Иран мемлекеттерінің Сыртқы істер басшыларының кезектен тыс отырысында министрлер Сириядағы АҚШ, Франция және Ұлыбритания тарапынан ұшырылған зымыран шабуылынан кейінгі Сирия ахуалын талқылап, мамыр айының ортасында Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне дайындалуға бағытталған қадамдарды талқыға салды.