Қазақстан қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәскеуде өтіп жатқан ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі талқыланған.
“Кадр даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.