26 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Руслан Зарлықұлы Қоңыровты Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ақорда мәліметі бойынша бүгін мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Оның орнына Руслан Қоңыров тағайындалды.