Қазақстанның Түркиядағы елшісі ауысты

0
404
Еркебұлан Сәпиев. Photo: MFA QAZAQSTAN

15 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері ауысты. Еркебұлан Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. 

46 жастағы Еркебұлан Сәпиев Ресейде дүниеге келген. Әр жылдары қаржы министрлігінде, президент әкімшілігінде қызмет атқарған. 2014-2018 жылдары Түркияның Стамбул қаласында бас консул болған. 2019 жылдан қазірге дейін Қазақстанның Түркменстандағы елшісі лауазымын атқарып келген.

Бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы елшісі лауазымын Абзал Сапарбекұлы атқарған.

Тоқаев сейсенбі күні Түрікменстанға елші етіп Асқар Тәжібаевты тағайындады. Ал Тәжікстанға елші болып Уәлихан Төреханов барды. Андриан Елемесов Қазақстанның Кубадағы елшісі болып тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз