Бұл сайлау демократия талаптарына сай әділ өтті – Тоқаев

0
97
Қазақстан президенттігіне үміткер Қасым Жомарт-Тоқаев дауыс беріп жатыр.

12 маусым күні Нұр-Сұлтанда ҚР президенті лауазымына ресми түрде кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сайлау барысында өзіне сенім артып, қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғыс білдірді. 

“Ең алдымен маған орай сенім артып қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғыс айтамын. Бұл сайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай әділ өтті”, – деді Тоқаев өз сөзінде.

“Өте маңызды саяси дәстүрде біздің халқымыздың даналары , парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс халқымыздың жеңісі. Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның абыройын даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстаның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың дауысы өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі біздің ең басты құндылығымыз”, – деген мемлекет басшысы елдегі әр азаматтың мүддесін қорғау өзінің басты міндеті екенін алға тартты.

“Оларды саяси көзқарастар мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін. Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен түрлі ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істеймін. Біз үшін ең басты міндет заңға сай адал қызмет ету. Біздің бір ғана отанымыз бар. Тағдырымыз бір, халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз”, – деді мемлекет басшысы.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз