Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын”, делінген Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы. Э.ғ.к. (2005).
1987-90 жылдары – Қызылорда облысы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің аға инспекторы.
1990-94 жылдары – Қызылорда облысы әлеуметтік қорғау басармасының бөлім бастығы.
1994-95 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің кеңесшісі.
1995-99 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары, департамент директоры.
2003-05 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2005 жылдан – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниясы» АҚ Басқарма төрайымы.
2009 жылғы 4 наурыздан – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
2013 жылғы 28 қарашадан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары
2014 жылғы 11 қарашадан – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы.