Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің кезекті раунды аясында Сирия Үкіметі делегациясының басшысы, Сирия Араб Республикасының БҰҰ жанындағы Өкілі Башар әл-Джаафари және делегация мүшелерімен кездесу өткізді. Сол күні СІМ басшысы Ахмед әл-Тома басқарған Сириядағы қарулы оппозиция
делегациясымен кездесті.
Аталған кездесулердің басты тақырыбына келіссөздердің күн тәртібі, орындардағы қазіргі жағдайды талқылау, соның ішінде Идлиб аймағында, САР-дағы ұзаққа созылған қақтығысты түпкілікті реттеу перспективалары, сондай-ақ Сирия жөніндегі Конституциялық Комитетінің құрамын қалыптастыру және жедел іске қосылу мәселелері кірді.
«Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы бейбітшілік құрудың жалғыз жұмыс істейтін және тиімді механизмі болып табылатын келіссөздер алаңын ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Б. әл-Джаафари.
Оппозиция делегациясымен кездесу барысында А. әл-Тома Астана процесінің рөлін атап өтіп, Астанадағы келіссөздер Сириядағы дағдарысты шешуде жалғыс тиімді құрал екенін айтты.
Өз кезегінде, екі кездесудің шеңберінде Қ. Әбдірахманов гуманитарлық бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін, атап айтқанда, гуманитарлық көмек көрсетудің кедергісіз өтуіне жағдай жасау, жанжалға қатысушылардың арасындағы сенім шараларын одан әрі нығайту, тұтқынға алынған тұлғалармен алмасу процесін белсендету және қақтығыс аймақатырынан шетел азаматтарын эвакуациялау жолдарын дамыту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, босқындардың Сирияға қайтып келу тақырыбы қозғалды. Қазақстан тарапы БҰҰ-дың Женевадағы платформасындағы саяси реттеу жөніндегі күш-жігеріне өзінің қолдауын растады.