31 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі лауазымына тағайындалды.
Атамқұловпен бірге Қазақстанның Хорватиядағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Бейбіт Атамқұлов әр жылдары Қазақстанның сыртқы саясатында лауазымды қызметтер атқарған. 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысын (қазіргі Түркістан) басқарды. 2016-2018 жылдары елдің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, 2018-2019 жылдары сыртқы істер министрі лауазымында болды.