7 шілдеде Үкімет қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейбіт Есенбаев 4 жыл денсаулық сақтау министрлігінде әр түрлі салада сарапшы қызметін одан кейін сол министрлікте 9 жыл басшылық қызметте болған. Бүгінгі күнге дейін 2020 жылдың қыркүйегінен бастап денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.