18 ақпан күні Сарыарқа ауданының әкімі болып Ерғали Егемберді тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Елорда әкімі Ерғали Егембердінің республикада өңірлік және орталық мемлекеттік органдардағы кәсіби жұмыс тәжірибесін атап, оны жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.
“Ерғали Егемберді мемлекеттік қызметте біраз жұмыс істеді. Ол өзін жауапкершілігі мол әрі өз жұмысын білетін жетекші ретінде таныта білді. Жаңа әкім өз міндетін жақсы атқарады деп ойлаймын”, – деді Бақыт Сұлтанов.
Ерғали Қуандықұлы Егемберді Шымкент қаласында 1977 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ЕҰУ Дипломатиялық академиясын, Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған.
Ол – “Болашақ” бағдарламасының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі, саяси ғылымдардың кандидаты.