Депутаттар демалысқа шықты

0
579

30 маусымда жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа шықты.

Палаталардың бірлескен отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентке өткен барлық партияның депутаты пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істеп, “заң шығару жұмыстарымен ғана айналысып қоймай, халықпен кері байланысты қамтамасыз еткенін”атап өтті.

Өткен сессияда парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің 23 жалпы отырысы және Сенаттың 21 жалпы отырысы өтті.

Сессия бойынша парламенттің екі палатасында 104 заң жобасы қаралды. Қазіргі уақытта олардың 63-і қабылданды, 58-не президент қол қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз