Бүгінгі таңда “7-20-25” бағдарламасы бойынша 43,7 теңгеге 3600 несие берілді. Бұл туралы бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев баяндады.
Елбасының тапсырмаларын қорытындылаған Премьер-министрдің орынбасары “Бүгінгі таңда “7-20-25” бағдарламасы бойынша 43,7 теңгеге 3600 несие берілді. Ал, жалпы аталған бағдарлама бойынша несиеге өтініш білдіргендердің саны 92 миллиардқа жетеді. Екінші бастама – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 63 мың теңге жалақы алатын қызметкерлерге салық ауыртпалығы 10 есеге азайды. Бұл шара 2 миллионнан астам азаматтардың жұмысына оң әсер етеді.
Үшінші бастама. Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру гранттарының саны еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 20 мың орынға артты. Жаңа жатақханалар салу үшін 100 жер учаскесі анықталды. МЖӘ шеңберінде білім беру ұйымдарымен 12 мемлекеттік келісімшарт жасалды. Биылғы жылы жатақханаларда студенттер үшін 5 мың жаңа оырн ашылатын болады.
Төртінші бастама. 2018 жылы 595 млрд. Теңгеге 14 мыңнан астам микрокредит берілді, оның нәтижесінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
Бесінші бастама. Желтоқсанда «Сарыарқа» газ құбырының ресми құрылысын іске қостық, бүгінгі таңда құрылыс қаржыландыру мәселесі шешілді, бас мердігер анықталды. Газ құбырын салу кезінде шамамен 1900 жаңа жұмыс орны құрылады”, деп баяндады Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, ол 2018 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 11 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Мемлекеттік бағдарламаға 616 мың адам қатысып, 488 адам жұмысқа орналасқан.
Сондай-ақ Досаев «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды, елдегі барлық 200 мемлекеттік және 51 жеке меншік агенттіктер біріктірілді, жұмыспен қамтудың ұзақтығы екі айға қысқарды, бір айдан 2 аптаға дейін 95 мыңнан астам жұмыс беруші қор биржасының қызметін пайдаланды, 550 адам жұмыспен қамтылды”, деп мәлімдеді.
Баяндама соңында Мемлекет басшысы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, “Көрдіңіз бе, бұл жұмысты осылай шешуге болады екен ғой. Қаншама жыл бойы “өзін-өзі жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамту”, деп жүрдіңіз. Жұмыспен қамту бойынша тапсырылған өзге де жұмыстар?”
Досаев: “Сіздің нұсқауларыңызға сәйкес, 2,7 миллион өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесіне байланысты қалған 900 мың адамға жұмыс жалғасады және ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады” деп уәде етті.