Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

0
172
Тамара Дүйсенова. Photo: Akorda.kz

11 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 

“Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын”, – делінген Ақорда сайты таратқан ақпаратта.

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін бұған дейін де (2013 – 2018 жылдары) атқарған.

Тамара Дүйсенова 1994 жылдан бастап түрлі деңгейдегі әкімшіліктерде жауапты қызметтер атқарған, 2002 жылдан бастап араға уақыт салып Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице – министрі, жауапты хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз