Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапармен барады.
Кездесу барысында Елбасныңы Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланған.
Сондай-ақ, ресми сапар кезінде президент түрік елінің басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен, сонымен қоса Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізу қарастырылған.