Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
Кеңейтілген отырыста 2018 жылғы республиканың әлеуметтік-экономикалық ахуалы қорытындыланып, дамуды қажет ететін негізгі бағыттар талқыға салынатын болады.
Облыс әкімдері мен министрлер өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді.