Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай “Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік” тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесі басталды.
“Ең алдымен, Қазақстанымыздың төрі, Қазақ елінің елордасы – Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер! Сонымен бірге бүкіл Еуразия елдерінің Парламенттері үшін маңызы зор ерекше жиынға қатысып отырғандарыңызға шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі форум заң шығарушы органдар арасында жан-жақты диалог орнатуға, өзара сенімді нығайтуға, парламентаралық ынтымақтастықты одан ары күшейтуге кең жола ашады деп сенеміз”, деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Форумға 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.