Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді

0
76

27 қараша Минск қаласында Үкімет басшылары деңгейінде Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес шағын және кеңейтілген құрамдарда қаралатын 23 тармақты қамтымақ. Шара аясында  Еуразиялық экономикалық одағы шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимылдың бірқатар көкейтесті мәселелері талқыланатын болады.

Кездесу барысында Үкімет басшылары қол жеткен уағдаластықтардың аралық нәтижелерін қорытындылап, Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі жұмыс бағыттарын белгілейді. Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа мүше мемлекеттердің арасында өзара сауданы кеңейту, ішкі нарықтың жұмысына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою сондай-ақ, экономиканың жекелеген салаларындағы интеграциялық әлеуетін дамыту мәселелелеріне ерекше назар аударылады.

Отырыс аясында Евразия экономикалық одағы шеңберінде одақтың техникалық регламенттері белгіленбеген өнімнің айналым тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісмімге қол жеткізілмек. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз