27 қазанда Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.
Сондай-ақ осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуі жоспарланған.