Германия осы жылдың 3 қазанында басталатын Германияның АҚШ-тағы жылын тың сыртқы саясатты енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қолдануға ниетті. Бұл туралы ГФР (Германия Федеративті Республикасы -ред) сыртқы істер министрі Хайко Мас екі елдің қарым-қатынасын дамытуға қатысты бес пунктіден тұратын жоспармен таныстыру барысында мәлімдеді. 25 тамыз Берлинде Германияның АҚШ-тағы жылының басталу құрметіне орай өткен салтанатты шара барысында мәлімдеме жасаған Х. Мас “Біздің трансатланттық серіктестігімізді бағамдап, оған ұстамды сондай-ақ, сыни көзқараста қарайтын уақыт келді “, – деді.
Германияның АҚШ-қа қатысты тың саясаты
Бұған дейін ФРГ сыртқы істер министрі ұсынған АҚШ-қа қатысты концепция тың саясатты көздейді. Аталған концепцияға сәйкес, Еуропа елдерінің тізе қосуы арқылы ғана АҚШ президенті Д. Трамптың саясатына қарсы тұруға әрі жаһандық фигурант атануға қауқар жетеді. Сол себептен, Еуроодақтың институттарын дамыту ұсынылды. Атап айтқанда, қорғаныс саласында Еуропа елдері тек өздеріне ғана сенім арту қажеттіктері әрі Еуроодақтың біртекті қорғаныс саласын құру қажеттігі айтылады. Концепцияның үшінші пунктінде егер АҚШ әріптестіктен бас тартатын болса (Иран атом бомбасына қатысты мәмілеге қатысты болған жайт сияқты), Еуроодақтың саяси автономиясының дамыту қажеттігі көзделеді.
Әрі қарай “бірлескен жұмысқа баса назар аударатын, сондай-ақ талаптарды сақтайтын” жаңа одақтас елдер (Оңтүстік Корея, Жапония, Канада) іздеу шарасы қарастырылған.
Германияның АҚШ-тағы жылына орай мәдениет, өнер, ғылым, экономика саласында Құрама Штаттардың барлық аймағында қарқынды шаралар ұйымдастырылады. Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, сыртқы саяси бастамаға Берлин 20 миллион еуро бөлген.
Сафина Саид