ҰҚК: “Кәрім Мәсімов ісі” бойынша тергеу амалдары аяқталды

0
268
Кәрім Мәсімов.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Өсіповке қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі 25 тамызда мәлімдеді.

ҰҚК сонымен бірге лауазымды тұлғалар Д.Акипов және Н.Бекмұраттың ісі бойынша да тергеу аяқталғанын жеткізді.

Мәсімов пен Садықұловтың әрекеттері “мемлекетке опасыздық жасау” ( 175-бап), “билікті күшпен басып алу” (179-бап), “билікті асыра пайдалану” (362-бап);

Ерғожиннің әрекеті – “билікті күшпен басып алу”, “билікті асыра пайдалану”;

Өсіпов, Акипов пен Бекмұраттың әрекеті “билікті асыра пайдалану” баптары бойынша сараланған.

“Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр” деп жазылған ҰҚК-ның бейсенбі күнгі хабарламасында.

Мәсімовтің қамау мерзімі 6 қазанға дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 13 қазан, Өсіповтің қамау мерзімі 22 қазанға дейін ұзартылған.

ҰҚК бұған дейін Мәсімов ісі бойынша бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің тергелгенін айтқан. Бірақ оның мәртебесі белгісіз қалған.

Ұзақ жылдар Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес төрағалығын өз мойына алғанын және Қазақстанға “халықаралық террористік топ” шабуыл жасағанын мәлімдеген. 8 қаңтарда ҰҚК “мемлекетке опасыздық жасады” деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда “билікті күшпен басып алу” бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз