Қазақ-қытай шекара бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасары, шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов қамауға алынды. Бұл жөнінде ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ділмановпен қоса, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті “Нұр жолы” шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам да ұсталған. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

ҰҚК “тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жарияланбайтынын” айтты.

Даархан Ділманов биыл сәуірде ҰҚК төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған еді. Ол 1998 жылдан бері ҰҚК шекара қызметіне жұмыс істеп, 2015 жылы маусымда шекара қызметіне директор болып тағайындалған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде контрабанда мен жемқорлық мәселесіне назар аударып, оны жоюды тапсырды. Осыдан соң елде Қытаймен шекарадағы кедендерге қатысты тексеріс басталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз