Сейсенбі күні Түркіменстан астанасы Ашхабадта алтыншы Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Бұл жөнінде СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Иранның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Хосейн Амир Абдоллахиян, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Әзербайжан СІМ басшысының орынбасары Халаф Халафов қатысты.

Министрлер Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ 29 маусымда Ашхабад қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен өтетін VI Каспий саммитінің Коммюникесінің жобасын келіскен.

Бұдан бұрынғы бесінші Каспий саммиті 2018 жылы Ақтау қаласында өткен. Оның қорытындысы бойынша Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз