Бүгін Үкімет отырысында ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңды орындау үшін Үкімет құрамына жаңа енген енген министрлер ант берді.
ҚР Президентінің 2017 жылы 16 тамыздағы №532 Жарлығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Нұғатайқызы Шәмшидинова, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Даленов Қазақстан халқы мен Президент алдында ант берді.
“Қазақстан Республикасының халқы мен Президент алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға мемлекеттің конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессиялық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант беремін”, деді Үкімет құрамына алғаш енген министрлер.
Бүгінгі Үкімет отырысында жаңа министрлердің ант қабылдауы болса, келесі кездесуден бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған шаралар талқыға салынатын болады.